Басты бетЖаңалықтар9 уикэнд пен 70-тен аса өнерпаз: Астанадағы Abu Dhabi Fest қалай өтті?

9 уикэнд пен 70-тен аса өнерпаз: Астанадағы Abu Dhabi Fest қалай өтті?

Өткен демалыста Астанадағы алғашқы жазғы фестиваль — Abu Dhabi Fest 2025 өз мәресіне жетті.

Енді бұл іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін жыл сайынғы дәстүрге айналады. Екі ай бойы Abu Dhabi Plaza креативті орта өкілдері үшін нағыз мәдени ортаға айналды. Апта сайын мұнда мастер-кластар, шығармашылық челлендждер, концерттер мен шоулар, ашық аспан астындағы спорт жаттығулары мен кино көрсетілімдері өтті.

Фестиваль жаз бойы жалғасты: тоғыз уикэнд, 17 фестиваль күні, түрлі форматтағы іс-шараларға толы болды. Барлығы 18-ден астам белсенділік түрі ұйымдастырылды: таңғы зумбадан бастап кофелік рейвтерге дейін, балаларға арналған спектакльдерден квиз-баттлдарға дейін.

Біз осы маңайда тұрамыз, шілдеден бастап фестивальдің түрлі шараларына барып жүрдік. Әсіресе әртүрлі бағыттағы белсенділіктер ұнады: бачата биінен бастап балаларға арналған қойылымдарға дейін. Үйіміздің жанында осындай ауқымды оқиғалардың өтуі қуантады, апта сайын жаңа әсер аламыз, — деді Мәдина Мұсақызы.

Abu Dhabi Fest 2025

Abu Dhabi Plaza сахнасында 70-тен астам музыкант, диджей және шығармашылық топтар өнер көрсетті.

31 тамызда фестиваль үлкен отбасылық мерекемен түйінделді: Атриумда балаларға арналған ойын-сауық алаңы құрылып, аниматорлар, аквагрим мен қуыршақ кейіпкерлер кішкентай қонақтарды қарсы алды. Сырт алаңда күні бойы музыка әуені үзілген жоқ: DJ-сеттер, live-группалардың концерті, жүргізушілермен интерактивті бағдарламалар өтті. Кештің шарықтау сәті Дастан Оразбековтың концерті болды — ол рекордтық көрермендер санын жинады.

Фестиваль керемет өтті, көңіл-күй бірден көтерілді. Әсіресе көптен күткен сүйікті әртісімді тыңдағаныма қуаныштымын, — деді Эльмира Ермахан.

Фестиваль ADP Community атты жаңа қозғалыстың бастауы болды — шығармашылық, қарым-қатынас пен өзін-өзі көрсету алаңы. Екі ай ішінде жоба 258 860 адамды тартты, олардың ішінде сауда орталығының жаңа қонақтары да көп болды. Іс-шараны 25 бренд-жалға алушылар қолдап, бағдарламаларға сыйлықтар, ұтыс ойындары, акциялар мен сэмплиң арқылы қатысып отырды. Бұл компанияларға стандартты ритейл шеңберінен шығып, өзін жаңа форматта көрсетуге мүмкіндік берді.

Abu Dhabi Fest 2025

Осындай ауқымды фестивальді ұйымдастырғаны үшін Abu Dhabi Plaza әкімшілігіне алғыс айтамыз. Ұтыс ойындары мен байқаулар ерекше әсер сыйлады. Бұл жаздың ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Енді жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен кірісеміз, — деді Әділхан Төреханов.

Фестиваль форматы соншалықты табысты болды, тіпті қаладағы басқа алаңдар да Abu Dhabi Fest үлгісінен шабыт алып, ашық аспан астындағы таңғы бағдарламалар мен кино көрсетілімдерін өткізді. Осылайша Abu Dhabi Plaza Астананың мәдени демалыс орталығына айналды.

Бұл жаңа дәстүрдің бастамасы: енді қаладағы жаз мезгілі Abu Dhabi Plaza фестивалімен байланыстырылады. Әлі алда талай жаңалық бар — бұл тек бастамасы ғана.