Алматыда электросамокат мініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан екі бойжеткенді автобус қағып кетті.
Бұл туралы ПД хабарлап отыр.
Foton маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып электросамокатқа мініп, жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. 2008 жылы туған екі қыз ауруханада, — делінген хабарламада.
Бүгін әлеуметтік желіде жол апатының видеосы таралды.
Айта кетейік, жол апаты 3 қыркүйек күні Алмалы ауданында күндіз болған.