Басты бетPushҚазақстанда басталған өрт Қырғызстанға жеткен

Қазақстанда басталған өрт Қырғызстанға жеткен

Не болды?

Қырғызстанның Шу облысына қарасты Васильевка ауылында жергілікті фермердің қорасы өртеніп кетті. Өртке бұл ауылға көршілес Қазақстан аумағынан Шу өзені арқылы келген ұшқын себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның Turmush.kg сайты хабарлап отыр.

Мәлімет

Алдын ала мәліметке қарағанда, миллиондаған сом тұратын мүлік жойылды. Қырғызстанның ТЖМ мәліметінше, Қазақстаннан барған ұшқыннан әуелі қураған шөп жанған. Кейін қатты желдің әсерінен жалын қора-жайға тараған.

Бірінші өрт сөндіру бригадасы өртеніп жатқан жерге сағат 13:40-та жетті, екіншісі алты минуттан соң келді. От 15:15-те ғана оқшауланды, – деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ-сы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында өрттен үш адам қаза болған еді.

Ал Ақтөбе облысында 550 гектар жердегі құрғақ шөп өртеніп кеткен.