Не болды?
Бұған дейін Threads қолданбасында жазба жазу лимиті небәрі 500 таңба болған, әрі қолданушылар скриншот жасап, амалдайтын. Енді 10 мың таңбалы лоңрид жазуға болады. Бұл туралы The Verge басылымы хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа функциялар арқылы ұзақ мәтінді тікелей қолданбада жазуға және хабарламаға мәтін блогын қосуға болады.
Бұл үшін жаңа белгішені (ішінде сызықтары бар дөңгелек тік төртбұрыш) басыңыз. Белгішені басқаннан кейін сөз редакторы ашылады. Онда мәтін теруге және мәтінді қалың қаріппен, курсивпен, асты сызылған не сызылып тасталған етіп пішімдей аласыз.
Бұл жазбалармен, блогтармен немесе мақалалардың алдын ала нұсқаларымен түпнұсқаға сілтеме қою арқылы бөлісуге ыңғайлы тәсіл болмақ.
Анықтама
Threads – микроблог жүргізуге арналған Meta Platforms-қа тиесілі. Қазақстан азаматтары көп қолданатын әлеуметтік желі.