Кондитер Нұршат Ақбергенова Threds желісінде белгілі блогер Әсел Батырға жасаған торты үшін ақы алмағанын мәлімдеген еді. Ал блогер торттың құны алдын ала келісілмегенін айтып отыр. Дау сотқа жетпекші.
Не болды?
Белгілі блогер Әсел Батыр туған күніне кондитер Нұршат Ақбергеноваға құрақ көрпе дизайнымен жасалған тортқа тапсырыс берген. Ол алдын ала 100 000 теңге төлегенін, ал жалпы баға алдын ала келісілмегенін айтып отыр.

Тойдан кейін кондитер Нұршат Ақбергенова блогер Әсел Батырға торттың ақысы 600 000 теңге болғанын жазған.
Блогер Әсел не дейді?
Фактімен сөйлейік. Торттың ақысын алдын ала келіспедік. Мен алдын ала 100 мың теңге төледім. Әдетте жұмыстың 40%,50%, 60%-ы алдын ала төлем болады. Тортты берген кезде де оның ақысы айтылған жоқ. Тойдан кейін түнге қарай 600 мың теңге деген шот алдым. Біз бұл сомаға келіспеген едік, — дейді блогер.
Блогер торт қымбат дегенде 300 мың теңге тұрады деп ойлағанын айтқан.
Тортты жасаған кондитер не дейді?
Торттың құрамына қалтамнан 440 мың теңге кетті (бәрінің түбіртегі бар). Торттың салмағы 18 келі болды. Тортты бір апта бойы төрт адам жасап шықты. Бұл адам (блогер Әсел – ред.) мені бұғаттап тастады, — деп жазды кондитер Нұршат Ақбергенова.
Оның аййтуынша, біреу мұндай тортты 300 000 теңгеге жасауға болады деп ойласа, қарсылық жоқ, сол жақтан тапсырыс беруге болады.
Ал менің авторлық жұмысымды басқа біреудің еңбегімен салыстыру дұрыс емес: бұл – мүлде басқа деңгей, басқа тәсіл, басқа нәтиже, — дейді кондитер.
Қазір не болып жатыр?
Блогер Әсел Батыр «ақшаны қайтар» деген адамдарға үндеу жасап, енді мәселе тек сотта шешілетінін айтқан.
Осы бүкіл қудалаудан кейін қалған соманы қайтармаймын! Бұл мәселе тек сот арқылы шешіледі, — дейді блогер.
Оның айтуынша, бұл іскерлік жанжал шеңберінен шығып кетті, енді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мына баптары бойынша қаралуы керек:
- Бопсалау (ҚР ҚК-нің 194-бабы)
- Беделіне нұқсан келтіруге әкеп соққан жала жабу және жаппай қудалау (ҚР ҚК-нің 130-бабы).
- Шарт бойынша міндеттеме қағидатын бұзу (ҚР АК-нің 374-бабы).
Адвокатым құжаттар мен талап-арызды дайындап жатыр. Сот процесі уақытты талап етеді, оны соңына дейін өтуге дайынмын, — деп айтты блогер.
Бір айта кетерлігі, Әсел Батыр көрпе мен өзге де матадан тігілетін зат жасайтын брендтің негізін қалаған.
Торттың дауын уайымдағандар
Әлжеліде торттың дауын жай қолданушылар ғана емес, жазылманы көп адамдар мен ұйымдар да уайымдап жатыр. Сөзімізге дәлел міне: