Басты бетЖаңалықтарАстанада түнгі клубта «күлдіргі газ» қолданған жастар қамауға алынды

Астанада түнгі клубта «күлдіргі газ» қолданған жастар қамауға алынды

Астана прокуратурасының бастамасымен полиция департаменті елорданың 15 ойын-сауық мекемесінде рейд жүргізді.

Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Рейд барысында клубтардан жеті баллон азот тотығы мен 14 қаптама әуе шарлары тәркіленді. Оларды жастар «күлдіргі газ» ретінде демалу үшін қолданған. Нәтижесінде төрт азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, есірткілер мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз қолдану фактілерін анықтау және жолын кесу тұрақты түрде жүргізіледі.