Ақтөбе қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп орындаушы ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.
Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, медициналық куәландыру оның көлікті есірткіге елтіген күйде басқарғанын растаған. Қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен рэпер 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Кейбір БАҚ-та рэпердің Qarakesek екені айтылып жатыр.