Басты бетЖаңалықтарАстанада жүрген Ресей азаматы есірткі сақтағаны үшін сотталды

Астанада жүрген Ресей азаматы есірткі сақтағаны үшін сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізумен айналысты деген айыппен Ресей азаматына қатысты үкім шығарды.

Айыпталушы Қазақстанға Telegram мессенджеріндегі L аккаунт иесімен келісім бойынша келіп, «қоймашы» ретінде жұмыс істеген. Белгісіз тұлғамен бірге аса ірі көлемде альфа-PVP психотроптық затын сақтаған. Жеке тінту кезінде оның қалтасынан жалпы салмағы 1,76 грамм болатын бес түйіншек тәркіленді.

Кінәні дәлелдейтін айғақтар:

  • тінту хаттамасы мен бейнежазба;
  • куәгерлердің көрсетпелері;
  • сот-химиялық сараптаманың қорытындысы.

Прокурор айыпталушыға сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ол кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты әрі 3-топ мүгедегі екенін жеткізді.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге мүлікті тәркілеумен бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот айыпталушының кінәсін мойындауын және мүгедектігін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Нәтижесінде, С. жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.