Басты бет Жаңалықтар Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Фото: primeminister.kz
Сенат депутатты жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуға қаулы шығарды.

Заңгер Берік Нәжімеденов әкімшілік істер бойынша кассациялық соттың төрағасы болып тағайындалды. Осыған байланысты жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті. Сенаторлар оны босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

Айта кетейік, заң бойынша сенат жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.

Бұған дейін Астанада үш кассациялық сот өз жұмысын бастаған болатын. Олар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді бөлек-бөлек қарайды. Шілде айында әрбір кассациялық соттың төрағасы тағайындалды.

Exit mobile version