Сенат депутаттары жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатуға қаулы шығарды.
Судья Досжан Әмір зейнет жасқа толғаннан кейін отставкаға кетіп отыр. Ол 36 жыл бойы сот саласында қызмет етті.
Оған қоса, судьялар одағының төрағасы болып сайланған. Ал Герман Нұрбаев ТМД Экномикалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты жоғарғы сот судьясының орнын босатып отыр.
Айта кетері, заң бойынша сенат жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.