Не болды?
31 тамызда 28 жастағы Андрей Орлов пен оның 29 жастағы досы Акмаль Махкамов Түркістан облысындағы тауларда үш күн бойы тамақ-сусыз қалып қойған. Бұл туралы Lider.kz құтқару қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Туристер уақытында оралмаған соң оларды іздеу басталды. Құтқарушылар Орловтың айқайлағанын тікұшақтан естіген. Ол Сайрам шыңындағы жартаста тамақ-сусыз үш күн тұрған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Орловтың бауыры әлеуметтік желіге ағасы табылғанын жазған.
Ағамды тапты, бірақ жағдайы өте ауыр. Әлі де үміт бар, бірақ уақыт аз, үлгермеуі мүмкін, дұға етіңіздер, – деп жазды ол.
Өкінішке қарай, Орловтың досы Махкамов жартастан құлап, қаза тапты. Құтқарушылар оның денесін жартастан жерге түсірді.
2 қыркүйек күні Қырғызстан тауларында Наталья Наговицина да биікті бағындырамын деп қаза болған еді.
Алматы тауларында 18 жастағы турист құтқарылған еді.