Не болды?
«Астана-1» теміржол вокзалын жөндеу басталды. Бұл туралы ҚТЖ хабарлап отыр.
Мәлімет
Вокзал 1961 жылы және 1990 жылы салынған. Ұзақ жыл жөнделмеген. Қазір 1990 жылы салынған ғимарат жаңартылып жатыр.
Шатыр, баспалдақтар, платформалар, жарықтандыру, инженерлік жүйелер мен санитария тораптары жөнделеді. Қозғалыс датчиктері бар дыбыссыз эскалаторлар, жаңа ақпараттық табло, ана мен бала бөлмесіне арналған жиһаз орнатылады. Жобаға 100-ден астам жұмысшы және бес техника тартылған, — делінген ҚТЖ хабарламасында.
Екінші кезеңде 1961 жылғы ғимарат жаңғыртылады.
ҚТЖ ақпаратына қарағанда, компания республика бойынша 100-ден астам вокзалды жаңартып жатыр.
Анықтама
«Астана-1» вокзалы – Астанадағы бұрынғы вокзал. Кешеннің жалпы ауданы — 11 174 шаршы метр. «Астана-1» тәулігіне 10 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.