Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда автокөлік жалдау құны өсуі мүмкін: жүргізушілер дабыл қақты

Қазақстанда автокөлік жалдау құны өсуі мүмкін: жүргізушілер дабыл қақты

Қазақстанда автокөлік жалдау құны өсуі мүмкін. Бұл туралы Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатына таксопарк өкілдері, жүргізушілер, заңгерлер және салық сарапшылары қатысты.

Жиында негізгі мәселе ретінде салық жүктемесінің артуы сөз болды. Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер такси қызметінің өсуіне, жүргізушілер табысының азаюына және халық үшін қолжетімсіздікке әкелуі мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, күнделікті автокөлік жалдау құны 17 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін өседі. Бұрын 11–12 мың теңгеге жалға берілетін көліктердің бағасы енді 15 мың теңгеден жоғары болуы мүмкін.

Фото: Baribar.kz

Мұндай жағдайда жұмыс тиімсіз болады. Күніне 25 мың теңгеге көлік жалдап, 10–12 сағат жұмыс істеймін. Шығындарды есептегенде қолда тым аз ақша қалады. Егер жалдау ақысы 32 мың теңгеге көтерілсе, жүргізушілер мүлде табыссыз қалуы мүмкін, — дейді MYCAR таксопаркінің жүргізушісі Абзал Уәлихан.

Салық сарапшысы Дмитрий Казанцев қазіргі қымбатшылық пен инфляция халыққа ауыр соғып жатқанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, жаңа өзгерістер әлеуметтік мәселелерді ушықтыруы мүмкін.

Ал заңгер Қайсар Егізбаев такси қызметін әлеуметтік маңызы бар сала ретінде қарастыруды ұсынды.