Басты бетЖаңалықтарАлматыда Satbayev University жатақханасы оқу орнына қайтарылды

Алматыда Satbayev University жатақханасы оқу орнына қайтарылды

Не болды?

Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы Satbayev University-ге жатақхана ғимаратын қайтарды. Бастапқыда ол оқу орнының меншігінде болған. Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

30 жыл бұрын заңды тұлға бұл ғимаратты жекешелендіріп, кейін оны жалға беріп отырған. Сот жекешелендіру келісімін заңсыз деп танып, нысанды оқу орнының меншігіне қайтаруды міндеттеді.

Студенттер үйіне «Дос-Мұқасан ұясы»деген атау берілді. Дәл осы жерде кезінде аңызға айналған ансамбль құрылған еді. Салтанатты ашылуға бұрынғы студенттер, ансамбль негізін қалағандар мен топ мүшелері Досым Сүлейұлы, Мұрат Құсайынов және Ұлықпан Сыдыков келді.

Ғимаратта, шамамен, 200 студент жайлы тұра алатындай етіп жөнделген.

Жатақханада 80–90-ға жуық шетел студенті болады. Дүйсенбіден бастап тізім бойынша студенттерді орналастырамыз. Әрине, бұл ғимарат университеттің жатақхана тапшылығын толық жоймайды. Сондықтан биыл екі жатақхана салуды жоспарлап отырмыз. Әр жатақханада 1000 орын болады, — дейді Satbayev University құрылыс департаментінің директоры Ришат Тыныбеков.