Не болды?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы жедел жәрдемнің 4-ші қосалқы станциясы қызметкерлері Павлодар облысының еңбек басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына ашық хат жазды.
Мәлімет
Дәрігерлер жұмыс кестесіне, кадрдың жиі ауысатынына, шамадан тыс жүктемеге және қызметкерлер өтініші ескерілмейтініне шағымданып отыр.
Үндеуде қызметкерлер:
- қосалқы станцияның жұмысын тексеруді;
- жүргізушілерге қажет мөлшерде жанармай беріп отыруды;
- қызметкерлерге дөрекі әрі қорлайтын қарым-қатынасты тоқтатуды;
- жас мамандарды тұрғындардың шақыруына жіберу жүйесін қайта қарауды;
- жұмыс ұйымдастырғанда соған лайық тәртіп орнатуды;
- еңбакақыны уақтылы беру бойынша шара қабылдауды талап еткен.
Жақында ғана оқу бітірген жас фельдшерлерге тәлімгерсіз кезекшілік жүктейді, бұл науқастардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Күніне бөлінетін 20-30 литр жанармай ауылдық жердегі науқастарға барсақ, орта жолға ғана жетеді, — дейді дәрігерлер.
Облыстық жедел жәрдем станциясы әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа жауап ретінде өтінішті қабылданғанын хабарлады. Жақын арада Екібастұзға арнайы комиссия барады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Ақтөбе облысындағы коммуналды кәсіпорын қызметкерлері деп шағымданып, президентке үндей жасаған еді.