Басты бет Жаңалықтар Елімізде қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Елімізде қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қос азаматтық үшін қылмыстық жазаны енгізуге қатысты ойын айтты.

Мәжілістің бүгінгі отырысында қос азаматтық мәселесі көтерілді.

Депутат Болатбек Нәжімеденұлының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес. Барлығы екі елдің жеңілдіктерін пайдаланып жүреді. Ал ұсталғандарға көбінесе айыппұл ғана салынады. Бірақ олар шетелге қашып, әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып кетеді.

Ондай адамдар Қазақстан азаматы ретінде өз құқықтарын біледі, бірақ міндеттерін орындамайды. Ол — азамат емес, шамаданы дайын тұрған уақытша резидент. Сондықтан қос азаматтық үшін жауапкершілікті қылмыстық жазаға дейін қатаңдату керек, — деді Болатбек Нәжімеденұлы.

Министр Ержан Сәденов «бірлесіп жұмыс істеуге дайын» екенін мәлімдеді.

Дұрыс айтасыз, олардың ішінде криминал да, басқасы да болуы мүмкін. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тыныштық мәселесімен де тығыз байланысты. Сол себепті, әрине, талқылауға дайынбыз, — деді министр.

Exit mobile version