Басты бетPushНаталья Наговицина Жеңіс шыңында қаза тапты

Наталья Наговицина Жеңіс шыңында қаза тапты

Не болды?

2025 жылғы 2 қыркүйекте альпинист Наталья Наговицина Жеңіс шыңында қаза тапты. Қырғызстанның альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы альпинистің шатырын дронмен түсірген соң, осындай шешім шығарды.

Мәлімет

Қырғызстанның альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының басшысы Эдуард Кубатовтың айтуынша, Наталья Наговицина қалған 7 200 метр биікті дрон арқылы екі рет тексерілген.

Бүгін Оңтүстік Энилчек базалық лагерінен (Жеңіс шыңы) дрон арқылы мұқият (екі рет) әуеден визуал тексердік. Өкінішке қарай, Наталья Наговицинаның тірі екенін дәлелдейтін белгілер байқалмағанын мәлімдеуге мәжбүрміз, – деп жазды Эдуард Кубатов.

Құтқару операциясы ресми түрде аяқталды.

Контекст

Наталья Наговицина — 47 жастағы альпинист. Ол 12 тамызда Қырғызстандағы Жеңіс шыңынан түсіп бара жатқанда аяғын сындырып алып, төмен түсе алмай қалған. Жолсерігі оған алғашқы көмек беріп, құтқарушыларды әкелуге кеткен.

Натальяны құтқаруға бірнеше рет талпыныс жасалды. Алайда қолайсыз ауа райы операцияны аяқтауға мүмкіндік бермеді.

Бір айта кетерлігі, Натальяның күйеуі Сергей Наговицин де альпинист болған. 2021 жылы Хан Тәңірі шыңында Сергей инсульт алған. Құтқарушылар қанша үгіттесе де, Наталья күйеуін тастамай, жанында қалған. Күйеуі қаза болған соң барып, келген құтқарушылармен төмен түскен еді.