Басты бетЖаңалықтарБҚО-дағы Бәйтерек ауданында жаңа мектеп ашылды

БҚО-дағы Бәйтерек ауданында жаңа мектеп ашылды

Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаңа білім ордасының пайдалануға берілуі ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі ерекше маңызға ие оқиға болды.

Өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясының ел бірлігі мен тұрақтылығын, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта білім сапасын арттыруға қатысты тапсырмалары өңірде жүйелі түрде орындалып жатқанын атап өтті.

Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың басты шарты. Әрбір оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Бүгінгі Байқоныста ашылған еңселі мектеп – осы міндеттің нақты орындалуының айқын көрінісі, – деді аймақ басшысы.

Кейінгі үш жыл ішінде облыс көлемінде 26 жаңа мектеп салынып, 7 526 оқушыға арналған орындар пайдалануға берілген. Оның ішінде 16 мектеп – КПО компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында, жеті мектеп – жергілікті бюджет есебінен, үш мектеп – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ғана Казталов ауданы Қоныс ауылында 60 орындық шағын мектеп ашылған болатын.

Іс-шара соңында Нариман Төреғалиев ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды қуанышты оқиғамен құттықтап, жас ұрпақтың отансүйгіш, білімді әрі парасатты азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да