Басты бетБастыТіс күтімінде...

Тіс күтімінде ескерілмейтін 9 қателік

№ 1 қателік: Тіс щеткасын дұрыс таңдамау

Теледидардағы тіс щеткасы мен пасталарының түрлі жарнамалары тісіңіздің сау болуына кепілдік беріп жатады. Көпшілігі оған сенеді. Дұрысында тек жарнамаға ғана сүйенбей, тіс щеткасын мына ерекшеліктеріне байланысты:

— сабының ұзындығына;

— қылдарының қаттылығына;

— щеканың басының көлеміне қарай таңдау керек.

№ 2 қателік: Сирек немесе жеткілісіз тіс тазалау

Тісті жиі тазалап тұрмаудың салдарынан тісте көп өңез пайда болады. Тіс өңезі ісіп қызару процесін туындатады. Тісті күніне аз дегенде екі рет, дұрысы үш рет тазалап отыру керек. Тіс жуу процесі 2 минуттан кем болмауы қажет. Стоматологтардың кеңесі бойынша, ауыз қуысын 4 бөлікке бөліп, әр бөлікті 30 секундтан аз емес уақыт бойы тазалау керек.

№ 3 қателік: Тісті тым жиі тазалау

Ең дұрысы — тісті күніне үш рет жуу. Алайда кейбір адамдар ауыз қуысындағы жағымсыз иістен әрдайым ада болу мақсатында тісті тым жиі әрі беріліп тазалайды. Шектен тыс әрекет қызыл иектің тітіркенуін тудырып, тістің эмалін алып қояды.

№ 4 қателік: Тіс тазалауға арналған жіпті пайдаланбау

Тіс жегі әсіресе тістердің арасына шабуыл жасағанды ұнатады. Адам тамақтанғаннан кейін тіс орталарын мұқият тазалауы керек, себебі тіс жегі тамақ қалдықтарынан пайда болады. Тіс ортасындағы қалдықтарды щеткамен тазалау әсте қиын. Еленбеген тазалау себебінен екі тіс бірдей зақымданады. Оның алдын алу үшін қарапайым тіс тазалауға арналаған жіпті пайдалану қажет.

№ 5 қателік: Тіс тазалаудың қате техникасы

Адамдар тісін көбінесе щетканы көлденеңнен үйкеу арқылы тазалайды. Алайда кей аймақтарға ерекше көңіл бөле отырып, тазалау керек. Тіс тазалаудың дұрыс техникасы мынадай:

— Тіс тазалауды азу тістердің сыртқы жағын тазалаудан бастаңыз. Сондай-ақ барлық тістердің сыртқы қабатын щетканы тігінен жүргізу арқылы тазалаңыз.

— Азу тістің шайнайтын, беткі жағын көлденеңнен және айналдыру тәсілі арқылы тазалаңыз;

— Тістердің ортасын тіс тазалауға арналған жіппен немесе пластмасса тіс тазалағышымен қалдықтардан арылтыңыз;

— Ауыз қуысын күніне 2-3 реттен кем емес шайып отырыңыз.

№ 6 қателік: Тіс щеткасын дұрыс тазаламау

Тіс өңезін тазалағаннан кейін щетканы дұрыстап тазаламаса, оның кей бөліктері щеткада қалып қояды. Келесі жолы тісіңізді тазалаған кезде қалып қойған бактериялар көбейіп, ауыз қуысына қайта оралады. Сол себепті әрбір тазалаудан кейін тіс щеткасын мұқият шайып, тазартып отырыңыз.

№ 7 қателік: Электр щеткалар қарапайым щеткалардан жақсырақ

Электр тіс щеткалары әртүрлі болады. Қазіргі уақытта олардың мынадай түрлері бар:

— айналмалы;

— дірілдеуші;

— бір уақытта айналып, дірілдейтін;

— әр аймаққа қарай айналатын түйінді щетка.

Тек соңғы типтегі электр тіс тазалағышы тіс өңезін толық тазарта алады.

№ 8 қателік: Тіс щеткасын тым сирек ауыстыру

Тіс щеткасын 3-4 айда бір ауыстырып тұру керек, мүмкіндігінше жиірек ауыстырған жөн. Щетканың қылдары уақыт өткен сайын икемділігін жоғалтып, деформацияланады. Мұндай щеткамен тісті тазартпау керек. Кейбір қылдар уақыты өткеннен кейін түсін де өзгертеді. Егер сізде мұндай ескерту жасайтын «ақылды» щетка болмаса, щеткаңыздың жағдайына мән беріп, ауыстыру керек уақытты байқап жүргеніңіз дұрыс.

№ 9 қателік: Тіс тазалаудың орнына сағыз шайнау

Негізінде сағыз да тамақтанғаннан кейін тісті жақсы тазартады. Дегенмен, тіс щеткасының орнын алмастыра алмайды. Сағыз тек шайнайтын бөлік, тістердің беткі қабатын ғана тазарта алады.

Қосымша пайдалы ақпарат:

Егер үйіңізде санузел орнатылған болса және тіс щеткалары қарапайым стақан тәрізді ыдыста тұрса, оларға арнайы футляр сатып алыңыз. Сондай-ақ әрбір тіс тазалау алдында дезинфекциялайтын ерітіндімен щеткаңызды тазалап алыңыз. Раковинаға су ағызған кезде бактериялардың таралу радиусы 1,5-2 метрді қамтиды, бұл олардың тіс щеткасына орналасып алуына үлкен қауіп туғызады.