Алматы маңынан 319 шақырым жерде қуаты 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер дүмпуінің эпиорталығы Қытай аумағында, Алматыдан 319 шақырым жерде тіркелген.
Қуаты – 5,7 балл. Алматыда 2 балдық қуаты сезілді. Жер сілкінісі 12:58-де тіркелді, — делінген хабарламада.