Қапшағай су қоймасында екі күн бұрын жоғалған әйел аман-есен табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Ол Sup-тақтаға мініп серуендеген. Алайда жел туристі жағадан алыстатып жіберген. Алматы облысының Қапшағай су қоймасындағы ТЖМ қызметкерлері 1966 жылғы әйелді құтқарды. Ол 30 тамызда Sup-тақтамен жүзіп жүріп, желдің екпінімен жағадан алыстап кеткен, — делінген хабарламада.
Құтқарушылар оны оқиға орнынан 40 шақырым жерде тапты.
Әйел есін біледі, жағаға жеткізіліп, қажет медициналық көмек көрсетілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 106 адам, 29 бірлік техника және бес ТЖМ жүзу құралы, сонымен қатар еріктілер ұйымы мен жергілікті тұрғындар тартылды. Іздеу жұмыстарына қатты соққан боран кедергі келтірген, — делінген хабарламада.