1 кластан бастап 11 класқа дейін барлық оқушы үшін оқыту үрдісіне жасанды интеллект негіздері енгізіліп жатыр.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, мұндағы басты мақсат балаларды ЖИ базалық технологияға айналған бүгінгі қоғамда оны сауатты басқару мен қолдануға үйрету. ЖИ негіздері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып англізіледі. ЖИ қолдану мен оның этикасын түсіндіретін интерактивті модульдерден тұратын «День ИИ» онлайн-курсы барлық оқушы үшін қолжетімді болады.
10-11 кластан бастап қазақстандық оқушыларға бастапқы кәсіби біліктілік беретін ерте бейіндік бағдарлау жүзеге асырыла бастайды.
Меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына «Адал азамат» біртұтас тербие бағдарламасы енгізіледі. Ол биылғы жылы президент тапсымасына сәйкес жалпыұлттық құндылықтар мен Абай философиясына негізделіп қайта жаңғыртылған болатын.