Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болғанын растады.
Әлеуметтік желіде ұшақ бортындағы жағдай туралы видео тараған болатын. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген кезде борттан бөгде бүр түрлі шуыл шыққан. Ал 30-40 минуттан кейін ұшақ төмендеген.
31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Осыдан кейін ол қауіпсіз эшелонының көмегімен Ақтау әуежайына аман қонды, — делінген хабарламада.
Қазір ұшақтағы ақау неден шыққаны тексеріліп жатыр.
Аталған рейстің бүкіл жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылды, — делінген хабарламада.