Басты бет Қоғам Қазақстанда фармаколог мамандар жетіспейді

Қазақстанда фармаколог мамандар жетіспейді

Қазақстанда фармаколог мамандар тапшы. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев айтты.

Депутат елімізде  қызмет етіп жүрген 200-дей фармакологтың тек 5 пайызы ғана осы мамандық бойынша ЖОО тәмамдағанын айтады. Ал қалған бөлігі тәжірибеден өтіп, сертификат алған.

«Бұл медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне күмән келтірмейді. Дегенмен, ем жүргізу кезінде фармаколог маманның болуы, бірдей әсер ететін дәрі-дәрмектің қайталануын болдырмай, ем-дом жүргізуді сапалы етіп, артық шығыннан арылтады»,- дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев.

Оның айтуынша, елімізде 900-ге жуық фармаколог жетіспейді. Депутаттар осы жөнінде Парламентте өтетін тыңдалымға бірнеше сауал жолдаған. Енді Үкімет бұл сұрақтарды назарға алады деп үміттеніп отыр. Себебі, кез келген клиникаға осындай мамандар қажет дейді депутаттар. Себебі ол ем жүргізудің ұтымды тәсілін реттей алады.

Фармакология — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version