Басты бетЖаңалықтарАлматыда ірі есірткі зертханасын ашқан қылмыскер сотталды

Алматыда ірі есірткі зертханасын ашқан қылмыскер сотталды

Алматыда жерасты есірткі зертханасын ұйымдастырған Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны сот үкімімен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Зертхана Медеу ауданындағы жеке секторда орналасқан. Өткен жылдың қазан айында жүргізілген арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 21 келіден астам дайын мефедрон, химиялық реагенттер, есірткі өндіруге және буып-түюге арналған құрал-жабдықтарды тәркіледі.

Бұл үкімді атқарылған жұмыстардың заңды нәтижесі. Мұндай қылмыстар қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді. Біздің мақсатымыз – жеткізу арналарының жолын кесіп, синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеу және жастарды есірткі қауіпінен қорғау, — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Алматы полициясы есірткі өндіру мен таратудың заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да