Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстанда тағы жер сілкінді

Шығыс Қазақстанда тағы жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлап отыр.

Орталықтың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 28 тамызда сағат 7:54-те жер сілкінді. Нақты айтқанда, Күршімнен оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 4,5.

Еске салайық, 23 шілде күні сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жер сілкінген болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да