Басты бетЖаңалықтарҮкімет Қазақстанның өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Үкімет Қазақстанның өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында үкімет ҚР-ның 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті.

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты.

Оның сөзіне қарағанда, құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған.

Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы. Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64% болды. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжанып жатыр. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетеді, — деді Бауыржан Омарбеков.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да