Басты бетЖаңалықтарЕлорда жылыту маусымына 90% дайын

Елорда жылыту маусымына 90% дайын

Елордада жылыту маусымына қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы Астананың энергетика басқармасы басшының орынбасары Мақсат Есмағұлов айтты.

Астананың қоғамдық кеңес отырысында елорданың алдағы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды.

Жылу беруге 90% дайынбыз. Кейбір жұмыс кестеге сәйкес, қазан айының соңына дейін аяқталады. Бірақ, жылыту маусымына кері әсерін тигізбейді, себебі ең суық кезең қараша мен желтоқсан айына келеді. Сол себепті жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі, — деді Мақсат Есмағұлов.

Оның айтуынша, қалада қыстыгүні апат жиі болатын жеті учаске бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да