28 тамызда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
2025 жылғы 28 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Балқаш, Алматы, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.