Басты бетЖаңалықтарАлматыда саябақта тұрған көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда саябақта тұрған көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ аумағындағы қалың шөп арасынан автокөлік табылып, оның ішінен ер адамның мәйіті шықты.

Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталды.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін қажет сараптамалар тағайындалды. Іс материалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде. Алғашқы қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да