Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28, 29 және 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда 29 тамызда солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады, ал 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды.

Найзағай мен жауын-шашын күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ аралас нөсер жаңбыр мен екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі, – делінген хабарламада.

Елдің батысында ауа температурасы +20…+31 градус, оңтүстік-батыста – +27…+35 градус шамасында болады. Сонымен қатар айтарлықтай салқындау күтіледі:

  • солтүстік-батыста – +23…+33 градустан +15…+23 градусқа дейін,
  • солтүстік өңірлерде – +30…+35 градустан +15…+23 градусқа дейін,
  • орталықта – +30…+37 градустан +18…+27 градусқа дейін,
  • шығыста – +22…+32 градустан +17…+28 градусқа дейін,
  • оңтүстікте – +30…+41 градустан +26…+35 градусқа дейін төмендейді.