Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға ең көп еңбек мигранттары Қытайдан келеді

Қазақстанға ең көп еңбек мигранттары Қытайдан келеді

Қазақстанда ресми рұқсатпен 14 130 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, шетел жұмысшыларының санаттары мынадай:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары – 549 адам,

  • бөлімшелердің басшылары – 2 258 адам,

  • мамандар – 3 786 адам,

  • білікті жұмысшылар – 904 адам,

  • маусымдық жұмысшылар – 2 889 адам,

  • корпоративтік ауыстыру аясында – 3 744 адам.

Шетел азаматтарының көбі құрылыс саласында еңбек етеді. Еңбек мигранттары негізінен келетін елдер:

  1. Қытай5 120 адам,

  2. Өзбекстан – 2 478 адам,

  3. Түркия – 1 042 адам,

  4. Үндістан – 1 031 адам.