Басты бетЖаңалықтарАбай облысында 1,5 миллиард теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері жойылды

Абай облысында 1,5 миллиард теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері жойылды

Абай облысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалпы құны 1,5 миллиард теңгеден асатын 4,5 миллионнан астам темекі өнімі жойылды.

Бұл туралы ҚМА хабарлап отыр.

Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен жүзеге асырылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қоғам қайраткерлері, экологтар және тәуелсіз бақылаушылар кірді.

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз темекі айналымының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде:

  • 39 заңсыз айналым фактісі анықталды;
  • 3,4 миллионнан астам қорап темекі тәркіленді;
  • өндіріс жасырылған екі цех жойылды;
  • тоғыз тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тәркіленген барлық контрафактілік өнім сот шешіміне сәйкес толықтай жойылады. Егер сіз заңсыз темекі саудасын байқасаңыз, 1458 нөміріне хабарласыңыз. Анонимдікке толық кепілдік беріледі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да