Басты бетЖаңалықтарАстанада полицейлер қарияны алаяқтардан құтқарып қалды

Астанада полицейлер қарияны алаяқтардан құтқарып қалды

Астанада қала тұрғыны мен полицейлер қарияны телефон алаяқтарынан құтқарып қалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ІІМ мәліметінше, көшеде жүрген ер адам қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған. Ол күдіктеніп, дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың заңсыз әрекетін тоқтатты, — делінген хабарламада.

Жағдайды толық анықтау үшін қария полиция бөліміне жеткізілді.