Басты бетЖаңалықтарҚарағандыда 1,5 жасар бала 12 магнит жұтып қойған

Қарағандыда 1,5 жасар бала 12 магнит жұтып қойған

Қарағандыда дәрігерлер магнит жұтқан баланы аман алып қалды. 1,5 жасар бала 12 магнит жұтып қойған.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының шұғыл бөлімшесіне жеткізілді. Ол ішінің қатты ауыратынына шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер оның асқазанында 12 магнит шарик барын анықтады, — делінген хабарламада.

Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан. Хирургтар шұғыл операция жасап, кішкентай науқасты құтқарып қалды. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да