Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев нысандардың жылу беру маусымына дайындығы бойынша мәліметтерді жариялады.
Барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір білім беру нысандарының дайындығы 92% болды (жоспар — 10 990, іс жүзінде — 10 104). Жоспардан қалып отырған екі өңір бар. Олар: Алматы (80%) және Қарағанды (76%) облыстары. Денсаулық сақтау нысандары бойынша да осындай жағдай қалыптасып отыр. Дайындық 92Ғ болды, яғни бүгінгі таңда 5 720 нысанның шамамен 5 240-ы дайын. Алайда, төмен көрсеткіштер Қарағанды (77%), Алматы (76%) облыстарында байқалып отыр, — деді Ерсайын Нағаспаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, тұрғын үйлер бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары 43 877 үйде аяқталды, бұл жоспардың 84% болды (барлығы 52 105 үй). Шымкент қаласында (64%), Жамбыл (67%) тұрғын үйлердің дайындық деңгейі төмен.