Басты бетЖаңалықтарАлматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

Алматы халықаралық әуежайы өзін-өзі өртемек болған жолаушының оқиғасына қатысты түсінік берді.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндіріліп, жолаушыға алғашқы медициналық көмек берілді. Ол ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Бұл оқиға әуежайдың қызметіне байланысты емес және әуе айлағының жұмысына әсер етпеді. Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 25 тамызда түнде Алматы әуежайында ер адам өзін өртегенПолицейлер өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Зардап шеккен адам Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да