Басты бетЖаңалықтарАлматы әуежайында ер адам өзін өртеді

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеді

Не болды?

Алматы әуежайының терминалында ер адам өзін өртеді. Полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері өртті сөндірді. Бұл туралы Алматы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәлімет

Полиция мәліметінше, зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

2025 жылғы 25 тамызда сағат 22:06-да Алматы әуежайының «Т-1» терминалында ер адам билет кассасының жанында өзін-өзі өртеп жібермек болды, — делінген хабарламада.

Полицейлер өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер ер адамды қалалық ауруханаға жеткізді.

Алдын ала себеп

Полиция оқиғаның алдын ала себебін айтты.

Бұл әрекетке ер адамның бірге тұратын сүйіктісімен жанжалдасып қалғаны себеп болғаны алдын ала анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталады, — делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да