Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдау жариялайды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдау жариялайды, — деп хабарлайды Руслан Желдібай.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақорда мемлекет басшысының Қытайға сапарлайтынын хабарлаған еді.