Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы ботаникалық бақ 1 күнге жабылады

Алматыдағы ботаникалық бақ 1 күнге жабылады

Алматыдағы бас ботаникалық бақ жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді. 2025 жылғы 26 тамыз – санитарлық күн деп белгіленді.

Бұл туралы ботаникалық бақтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек демалыс болғандықтан, санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылды.

Сейсенбі, 26 тамызда ботаникалық бақ келушілер үшін жабық болады. Ал басқа күндері жұмыс кестесі өзгермейді. Ботаникалық бақ күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30, — делінген хабарламада.