Басты бетЖаңалықтарТоқаев Конго президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Кездесуде Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.