Басты бетЖаңалықтарМәуліт айы басталады. Бұл айда не істеу керек?

Мәуліт айы басталады. Бұл айда не істеу керек?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы мұсылмандарға Мәуліт айы басталатынына құтты болсын айтты. Биыл Мәуліт айы 3-4 қыркүйекте басталады.

Баршаңызды ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айы басталғанымен шын жүректен құттықтаймын! Мәуліт айы – пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттап, сүннет амалдарын дәріптеудің, дініміздің асыл құндылықтарын ұлықтаудың берекелі мүмкіндігі. Бұл айда мешіте Аллаға мадақ айтылып, пайғамбарымызға салауат жолданады, мәуліт жыры оқылады, — деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы.

Салауат айту – өзіміз үшін қайырлы әрі мол сауапқа жетелейтін ізгі амал. Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану – Алланың разылығына жақындатар жолдың бірі.