Басты бет Жаңалықтар Петропавл Қытайға құс етін экспорттайды

Петропавл Қытайға құс етін экспорттайды

Фото: Myasnoy-soyuz.ru
Петропавл Қытайға қазақстандық құс етінің экспортын ашады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, алғашқылардың бірі болып қаладағы құс фабрикасы кәсіпорны өз өнімін жеткізеді. Мамыр айында екі ел жеткізу талаптары туралы хаттамаға қол қойды.

2025 жылдың I тоқсанында елдер арасындағы агроөнеркәсіптік кешен тауар айналымы 430 миллион долларға жетіп, 45% өсімді құраған. Оның шамамен 300 миллион доллары қазақстандық экспорт, — делінген хабарламада.

Exit mobile version