Не болды?
ТЖМ құтқарушылары Медеу ауданындағы «Горный гигант» шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді. Бұл туралы Алматы ТЖД хабарлап отыр.
Мәлімет
Өрт көрші ғимараттың шатырына да тиген.
Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өтр 1000 шаршы метрді шарпыған, — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар өртенген үйден мысықты алып шықты. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.