Басты бетБілімМагистратура бойынша грант алғандардың тізімі шықты

Магистратура бойынша грант алғандардың тізімі шықты

Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім грантын алғандардың тізімі жарияланды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі бойынша байқау негізінде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау баайқауына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты, — делінген хабарламада.

Болашақ магистранттар ЖЖОКБҰ-ға 2025 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Мемлекеттік білім грантын алғандардың тізімін мына жерден көруге болады.