Не болды?
45 жастағы Бельгия азаматы Іле Алатауы тауында, Молодежный асуында аяғын сындырып алған. Бұл асудың биіктігі — 4 147 метр. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Бельгия азаматы аяғын сындырып алған соң, жұбай 112-ге қоңырау шалған. Көмекке ТЖМ құтқарушыларының екі тобы «Тұйық-Су» және «Мұзтау» бақылау-құтқару пункттерінен шыққан.
Олар зардап шеккен адамға үш сағат ішінде жетті. Алғашқы көмек берілгеннен кейін ең ауыр кезең — тау соқпағымен жаяу түсу басталды. Белтгя азаматын жерге түсіруге бес сағат кетті, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Ер адам Медеу бөгетіне жеткізіліп, ТЖМ Апат медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Олар оны Алматыдағы ауруханаға жеткізген.