Басты бетЖаңалықтарАлматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматының Жарокова көшесінде көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Қызыл жалын 5-қабатты тұрғын үйдің 4-кабатынан шыққан. Балкон өртеніп, жалын пәтерге тараған. Өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден 11 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады.

Өрт 30 минуттың ішінде 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.