АҚШ мемлекеттік департаменті елде виза иегерлерін ауқымды тексеруді бастайды. Бұл шара 55 миллионға жуық шетел азаматын қамтиды.
Бұл туралы The Washington Post хабарлап отыр.
Тексеріс визаның мерзімінен артық қалу, қылмыстық әрекеттерге қатысу, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіру немесе террористік ұйымдарға қолдау көрсету сияқты тәуекелдерді анықтауға бағытталған.
Ресми дерекке сәйкес, тексеріс барысында құқық қорғау органдарының жазбалары, иммиграциялық құжаттар және виза берілгеннен кейін белгілі болған басқа да ақпараттар қаралады. Егер заңбұзушылық анықталса, виза күшін жоюы мүмкін.