Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Президенттің Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған болатын. Осыдан кейін президентті осы кешеннің атаун қойып кеткен Шыңғыс Айтматовтың да зиратына барып, Құран бағыштаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады, — делінген хабарламада.