Геннадий Головкин туралы фильм түсіргім келеді — Нұртас Адамбаев

Себебі, актер әрі режиссер Нұртас Адамбаев боксшы Геннадий Головкиннің пиар менеджеріне Гена туралы фильм түсіруге болатынын айтып, ұсыныс тастаған.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады.

“Үш ай бұрын Головкиннің PR-менеджеріне Гена туралы керемет фильм түсіруге болатынын жазып жібердім. Ол қазіргі таңдағы әлемдегі ең танымал қазақстандық. Біздің даламыздың нағыз батыры! Менеджер мұндай ұсыныстардың үнемі түсетінін, бірақ менің де ұсынысымды жеткізетінін айтты. Олар қайткенде де Головкин туралы фильм түсіреді деп ойлаймын. Егер дәл қазір Головкин туралы кино түсірілсе, ол өте өзекті болар еді”, – деп жазды Нұртас Адамбаев.

ДереккөзBaistars.kz